Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ҚАРАСАЙ БАТЫР АЛТЫНАЙҰЛЫ

ҚАРАСАЙ БАТЫР АЛТЫНАЙҰЛЫ (1664-1724 ж. ш.), Жетісуда жонғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған батыр. Осы аймақта туып, өскен. Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақыстақ, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сары жазық, Суықтөбе тауларындағы т. б. жерлердегі ұрыстарда жау шебін бұзып, Суықтөбел басына туын тіккен. Мұны көрген ағасы Қойшегір мен арттағы сарбаздар «Қарасайлап» ұран салып, жауды түре қуып шыққан. Жауға қарсы бұл соғысқа қырғыздар да қатысқан. Сол жеңістен бастап Қарасай батыр есімі бір тайпа елдің ұранына айналған, Қарақыстақтағы Ауызөткел түсындағы биік адыр Қарасай шоқысы деп аталады. Ерлігі ел есінде қалған Қарасай батырды Жамбыл жырлаған.