Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ҚОШҚАРБАЕВ ШАШУБАЙ

ҚОШҚАРБАЕВ ШАШУБАЙ (1865-1952 ж.), халық ақыны, әнші-композитор, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1940 ж.). Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Мәди, Ғазиз тәрізді әнші-композиторлардан тәлім алды. 1909 ж. Жетісуда Жамбылмен айтысты. Қошқарбаевтын «Майда қоңыр», «Жетім қыз», «Сырғакты», «Ақ қайын». «Кедейлік» тағы баска әңдері ел арасында көп тарады. Кеңес өкіметі жылдары Қошқарбаев халықтың жаңа бакытты өмірін, Қарағанды-Балқаш және Қоңырат кеншілері мен металлургтерінің ерлік еңбегін жырлады. Шығармалары 1934 жылдан республика мерзімді баспасөзде жарияланып тұрды. Ұлы Отан соғысы жылдарыңда тың еңбеккерлерін жеңіске жігерлендірген ақындар айтысын бастаушылардың бірі болды. Көшен Елеуовпен (Қарағанды, 1943 ж.); Болман Қожабаевпен (Жезқазған, 1944 ж.) айтысты. «Құрмет Белгісі» ордені және медальдармен марапатталған. Қошқарбаевтың құрметіне Қарағандыда көше аталады. айтысы).