Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ҚУАНЫШБАЕВ ҚАЛИБЕК

ҚУАНЫШБАЕВ ҚАЛИБЕК (1893-1968 ж.), актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі (1959 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.). 1922-25 ж. Қоянды жәрмеңкесі думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетгі. 1926 ж. Қызылордада қазақ драма театрын кұруға қатысушылардың бірі болды. 1927 ж. Мәскеудегі этнография концертке қатысты. 1928-64 ж. М.О. Әуезов атындығы қазақ драма театрының (Алматы) актері. Театрдағы таңдаулы рөлдері Нысан Абыз, Тәнеке. Абай (М.О. Әуезовтің «Енлік-Кебек», «Түнгі сарын», «Абайыңда»), Балуан (Ғ.М. Мүсіреповтің «Ақын трагедиясында»), Городничий (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Брабапцио, Баптиста (У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсауында»), 1937 жылдан киноға да түсті; Байбол («Амангелді»), Абай («Абай әлемінде»), Берғалиев («Алтын мүйізде»), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта»). Педагогика қызметпен де айналысты. Қыска пьеса, әзіл әжуа сықақтардың авторы (жинақтар: «Острие», 1936; «Шаншарлар», 1962). 2-4-сайлау КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 2 рет Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Қуанышбаев құрметіне Қарағанды, Қарқаралы қалаларында көшелер аталған. Қарқаралыдағы ол тұрған үйге мемориалдық тақта қойылган.