Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






КОРНИЕНКО ПРОКОФИЙ ПРОКОФЬЕВИЧ

КОРНИЕНКО ПРОКОФИЙ ПРОКОФЬЕВИЧ (1911-1972 ж.), қатардағы жауынгер, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж.). 1933 жылдан Қарағанды облысының жабдықтау базасының тауар айырушы маманы. 1942 жылдан Кеңес Армиясы қатарында, әскери қызметті 303-атқыштар дивизиясының 347-атқыштар полкінің барлаушылар ротасында атқарды. Украина мен Молдавияны азат ету ұрыстарына қатысты. 27. 09. 1943 ж. Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданы Червонное село маңында бөлімшенін Днепрден өту сәтінде ерлік көрсетті. Барлаушылар бөлімшесінің құрамында бола тұра 2 пулемет нүктесін, 1 ротадай немістің жаяу әскерін жойып жіберіп, негізгі күштердің оң жағалауға өтуін қамтамасыз етті. 1945 жылдан Бұкар жырау ауданның Токаревка кентінде тұрды. Тельман ауаткомы төрағасының орынбасары болып істеді. Аудан орталығында Корниенко құрметіне аталған көше бар.