Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ӘБДІРОВ НҮРКЕН

ӘБДІРОВ НҮРКЕН (1919-1942 жж. ), әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген). 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж. ), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылган 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 17-жауынгерлік тапсырмасын алған (19. 12. 1942 ж. ) Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка аудандағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтерілді. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сияклы қаһармаңдықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Қарағандыдағы кеншілердің Мәдениет сарайының репертуарына Нүркен Әбдіров туралы балет енгізілген (музыкасы А. Руденскийдікі). Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі повесть (Алматы, 1966 ж. ) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды.