Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ

ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ (1867-1923 жж.), ақын, әнші, сазгер. Әсет еңбекқор бұқараның аянышты халіне жаны аши отырып, өнер-білім іздеудің орнына ескінің етегіне жармасқандарды мінеп сынады. 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде демократиялық бағытты ұстанған ақындардың бірі болды. Абай Құнанбаевтың, орыс реализмінің дәстүрлерін жалғастыра отырып, патриархалдық-рушылдык қатынастардың калдықтарын, дінді өткір сыңға алды, халықты оқу-білімге үгітгеп, әйел теңдігін мойындатуға шақырды. Әсет Орталық Қазақстанда әншілік және композиторлық өнерді дамытуда елеулі рөл атқарды. Өзінің әншілік-композиторлык өнерімен Біржан салдың, Ақан серінің және басқа да ән өнері шеберлерінің орындаушылық дәстүрлерін жалғастырды. Төңкерістен бұрынғы қазақ қыздарының аянышты тағдырына Әсет «Мүңлы қыз» поэмасын арнады. Шығыс әдебиетінің озық үлгілері негізінде «Ағаш ат», «Үш жетім қыз», «Салиха-Сәмен» поэмаларын шығарып, оларда феодалдық дәуірдің әдет-ғұрыптарын сынады. А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне түпнұскасын сақтамай еркін аударған. Әсет Найманбайұлы айтыс өнерінің шебері болды, әсіресе оның сұрақ пен жауап, жұмбақ айту сияқты қызықты да өткір түрлерін насихаттады. Халық арасында оның Қоянды жәрмеңкесінде Рысжан деген ақын қызбен болған айтысы кең тараған. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядтардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Найманбайұлы Қытайға өтіп кетеді. 1923 ж. Құлжа қаласында қайтыс болды.

Шығ.: Шығармалары (өлендер, айтыстар, дастандар). - А., 1968, 1988.