ИМАНЖҮСІП ҚҰТПАНҰЛЫ

ИМАНЖҮСІП ҚҰТПАНҰЛЫ (1863-1929 ж.), белгілі әнші-композитор, төкпе ақын. Жаңаарқаның түлегі. Иманжүсіп жас кезінен-ак жырға, шешендік сөзге кұмар болып, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, балуан атанды. Ол суырыпсалма ақын болған, өмірден көрген, білгендерін әнге қосып айтқан. Біржан сал, Акан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған, Жарылғапберді, Естай тағы басқа әншілермен дос, сырлас болған. Ал Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлен де арнаған. Ертіс бойының ұлықтары қуғындай берген соң ол Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлығына, әділетсіздігіне шыдамай, оларға шығарған өткір өлендерін айтады. Жалған жаламен тағы да қуғынға түседі. 1905-1912 ж. Өскеменге, 1914 ж. Жетісу жеріне айдалады; Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсіде тұрады. Октябрь революциясы қарсаңында Иманжүсіп айдаудан құтылып, өмірінің қалған уақытын Сарыаркада өткізеді. Иманжүсіп — Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, тендікті жырлаған күрескер әнші. «Сармойын», «Бұғылы мен Тағылы», «Ішім өлген дүние-ай, құр сыртым сау», «Әкем Құтпан болғанда, ағам Шоңай», «Қысырақтың үйірі жирен ала», «Мен қалайша жалғанда тұрақтайын» т. б. әндері асқақ үнді әншінің азаматтығын танытады. Оның әндерін А. В. Затаевичке Қ. Байжанов, Қ. Байсейітов, И. Байзаковтар нотаға түсірткен. «Сармойын» әні Е. Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында (Бекежанның ариясы) пайдаланылды. Қазір Иманжүсіп әндерін Қ. Байбосынов, Б. Тілеуханов т. б. әншілер орындайды.