Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЖАНТАЙ БАТЫР

ЖАНТАЙ БАТЫР Акпанұлы (шамамен 1740 -ө.ж.б.), Қаракесек Кәрсеннің Баймұратынан шыққан атақты батыр. Жантай батыр Найманның белгілі батыры Көкжал Барақтын туған жиені, қол бастаған батыр. Жоңғар қалмаққа қарсы соғыста ерлік көрсетіп, елінің тәуелсіздігін, жерінің азаттығын әперуге үлкен еңбек сіңірген. Босаға т. ж. стансасынын солтүстік-шығысында 3-4 шақырым жерде Арап деген тау бар. Арап - жоңғардың атақты батыры болған. Бейбіт елді шауып алған осы Арап қолына қарсы жасақ бастап шыққан Жантай батыр жекпе-жекте қалмақ батырын найзамен түйреп өлтірген. Содан бері сол тау Арап атанып кеткен. Жантай батырдың қоныс мекені — Шет аудандағы Қарашілік, Ешкіөлмес, Бестамак деген жерлер. Жантай батыр туралы аңыз Ш. Уәлихановта кездеседі.