Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЖАРЫЛҒАП БАТЫР

ЖАРЫЛҒАП БАТЫР (Ж а с ы л т у л ы Ж арылғап батыр;1735-1786 ж.).Күні бүгінге дейін ата сөзін жаттаған аксақалдар бұл батырлар туралы кезінде айтылған «Қарашорда Сеңкібай, Әлтекеде Жидебай, Тобықтыда Қараменде, Кернейде Жарылғап» деген мәтелді көкірегі ояу жастарға жаттатып келеді. Жарылғап батырдың аты шыға алғашқы көрінуі Абылай ханның Қалба жорығына байланысты. 1753 ж. Қалба өзені бойында жатқан жоңғарға Абылай хан жорық жасаған кезде 18-ден жаңа асқан Жарылғап батыр бірге аттанады. Сол жорықта жас батыр жонғар ноянымен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетеді. Жарылғап батырдың ерлік жорықтары жөнінде ел ішінде небір аңыздар сақталған. Онда «Найзакескен» деген жерде қалын жауды ойсырата женуі, батырдың бүркіт бейнесінде аруағы болғаны айтылады. Жарылғап батыр Бөгенбай батырмен құда болған. Жарылғаптан Қырбас, онан Байсейіт би туған. Жарылғап батыр 51 жасында Айыртауда қайтыс болып, денесін ұлы Жәнібек Әзірет сұлтанға апарып жерлеген.