Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЖАУЛЫБАЙ БАТЫР

ЖАУЛЫБАЙ БАТЫР (шамамен 1697-1760 ж.), Бағаналы руының Сары-Сарғалдак, Тәңірберлі бұтағынан. Жаулыбайдың әкесі Өтеген де елге сыйлы батыр кісі болған. Қазақ елінің шығысы мен оңтүстік өлкесін жаулап алған жоңғар басқыншылары 1728 ж. Ұлытауға шабуыл жасауға әзірленеді. Осы мақсатпен әскер басы Септен 20 мың қолмен Телікөлге келіп, соғысқа дайындалады. Қалмақ әскерінің қатары үсті-үстіне толықтырыла береді. Үш жүздің біріккен жасағын басқару Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен Қанжығалы Бөгенбайға тапсырылады. Бұлантының жоғарғы ағысы (Қарасиыр, Білеуті) теріскейінде болатын шайқасты Жаулыбайға тапсырады. Бұл шайқаска Бағаналының батырлары: Барлыбай, Төлек, Сарғалдак Шәлтекеден Мынжылқы мен Мыңбай, Жұртшы Сағындық батырлар және Арғын атадан Бостан, Жауғаш, Биғаш батырлар, Қыпшақтан Тілеулі батыр қатынасады. Жәнібек пен Жаулыбай бұл ұрыста жаудын бір шетінен шабуыл жасап, қаша жүріп соғыс салу арқылы қарсыластың шоғырланған күшін бөлшектеп, майдан алаңынан ұзатып әкетіп, әлсіретіп, әр жерде қоршауға алып, жеңіске жетеді.