ЖҰМАБАЕВ МАҒЖАН
ЖҰМАБАЕВ МАҒЖАН (1893-1938 ж.), ақын, аудармашы, жазушы, публицист. 1908 жылға дейін өз әкесі — Бекеннен хат танып, ауыл мұғалімінен сауатын ашады. 1908-09 ж. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды, өздігінен орыс тілі мен әдебиетін оқып үйренеді. Сонда жүріп қазақ шәкірттерінің «Садақ» атты қолжазба журналынын негізін салады. Кейін Омбы мүғалімдер семинариясын бітіреді (1917 ж.). Омбыда оқып жүрген кезіңде «Бірлік» атты әдеби үйірменің «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын басқарады. Осы кезде алашордашылармен байланыс жасайды, бірак кейін Кеңес өкіметі жағына шығады да, 1917-1923 ж. «Бостандық туы» (Қызылжар), «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында (Ташкент) қызмет істейді. 1923-26 ж. Мәскеу көркем әдебиет институтында (белгілі орыс ақыны Брюсовтің жетекшілігімен) оқиды. 1927-29 ж. Қызылжар педтехникумында, орыс орта мектебіңде қызмет атқарады. 1930 ж. тұтқынға алынып, он жылға сотталып, Архангельск облысы «Соловец» еңбекпен түзеу лагеріне жіберіледі. Одан А. М. Горькийдің жұбайы А. Пешкованың көмегімен, жаза мерзімінен бұрын босанып шығып, 1936 ж. аяғында өз аулына оралады. 1937 ж. маусымда Алматыға келіп, жұмысқа орналаспақ болып жүргенде, 1937 ж. 30 желтоқсанда қайта тұтқынға алынып, атылады.
М. Жұмабаев 1960 және 1988 жылдары екі рет ақталады. М. Жұмабаев ақындық өнерін 1909 ж. бастайды. Алғашқы шығармаларында ағартушылық, азаттық және демократиялық қөзқарастарды уағыздайды. Алғашқы өлендер жинағы «Шолпан» деген атпен 1912 ж. Қазанда жарық көреді. Бұл жинақта халықты өнер-білімге шақырды. Шығыс пен Еуропа мәдениетінің тасқынын тоғыстыруға ден қойды. Абай шығармашылығының өшпес маңызын барша әлеуметтен ерте, дұрыс әрі терен таныды. Бұдан кейін М. Жұмабаев қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты, әлемдік поэзиямен ұштастыра білді, М. Жұмабаев ақын ретінде ел жайын көп толғап, әлеуметтік мәселелерге ой жібереді («Шын сорлы»). Бір ұдай өлендерін әйел тендігі тақырыбына арнап («Жас келін», «Жас қыз», «Тілегім» т. б.), қазақ әйелінің ауыр халін патриархалдық-феодалдық коғамның құрылысынан деп түсінеді. М. Жұмабаев поэзиясында ұлт-азаттық сарын көп жырланды. Ол халқымен бірге күйзелді, бірге торықты. Отаршылдықка қарсы атқан жебесі нысанаға дәл тимей, қапы соқты. «Туған жерім — Сасықкөл», «Жүрек сыры», «Алдамшы өмір», «Пайғамбар», «Жаралы жүрек» т. б. өлендерінде сарыуайымға салынып, күйректік танытады, ақиқатты о дүниеден іздейді. Абай Құнанбаевтың үлгісімен М. Жұмабаев жылдың төрт мезгіліне өлең жазып, оқырман кауымын сүйіспендік, құштарлық әуеніне бөлейді («Жазғытұрым», «Жазғы таң», «Толған ай» т. б.) -Алғашқы өлендерінен бастау алған бұл ағын кейін де толастаған жоқ. Әңгіме тек оқуда ғана емес екенін түсінген ақын көңіл күйіне тіл бітіруге тырысып, қайтпас қайсар мінез, жігер-қайрат танытады («Дін үйреткенге», «Есімде»). 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін тосырқамай қарсы алады («Орамал»). Сөйтіп, революциялық процестің даму барысында М. Жұмабаевтың да қаламы үшкірленіп, эпикалық құлашы кеңейді, ақын шығармашылығының жаңа, екінші кезеңі басталады. 1907-1924 ж. арасында жазған «Бостандық», «Қызыл жалау», «Токсанның тобы» атты өлендерінде Ұлы Октябрьді, Кеңестік өмірді жырлауға бет қояды. Ол «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қорқыттың көрі», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертегі», «Шын ертегі» атты кең құлашты эпикалық поэмалардың, көптеген әңгімелер мен макалалардың авторы. Мектеп оқушылары үшін «Бастауыш мектепте ана тілі» (1923 ж.), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» (1925 ж.), «Педагогика» (1923 ж.), «Сауатты бол» (1926 ж.) т. б. оқулықтар шығарады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырады («Тарту», 1924 ж.). А.М. Горькийдің, В.С. Ивановтың, Д.Н. Мамин-Сибиряктың көптеген әңгімелерін қазақ тіліне аударған. М. Жұмабаев шығармалары Орталық Қазақстанға, оның ішінде Қарағанды облыстық еңбекшілері арасына кеңінен таралған.