Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЕСІМ ХАН

ЕСІМ ХАН (т. ж. б.-1645 ж.), хан (1598-1645 ж.). Шығай сұлтанның баласы, Орта жүздегі хандар әулетінің (17-18 ғ.) басы. Есім хан Түркістан қаласындағы қазақ хандарының ордасында тұрды. 1598 ж. Мауараннахр мен Сырдария манындағы қалалар үшін болған ұрыстарда Түркістаннан Самарканға дейінгі жерді басып алды. Осы соғыста көрсеткен айрыкша ерліктері үшін Есім хан халық арасында «еңсегей бойлы ер Есім» атанды. Тәуекел өлгеннен кейін (1598 ж.) таққа отырды. 1599 ж. Бұхармен бітім шартын жасады. Соның негізінде Ташкент қаласы атырабымен қоса 200 жыл бойы қазақ хандарының билігінде болды. Есім хан ойрат-қалмактарға қарсы күрес жүргізді. Сібір ханы Көшімді жеңуде Ресейге көмек берді. Қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Ш. Уәлихановтын айтуынша, осы ынтымақтың белгісі ретінде Ташкентте қырғыздың Көкем биіне арнап күмбез салдырған. Ол осы күнге дейін бар, «Көкемнің көк күмбезі» деп аталады. Есім хан бір орталыққа бағынған мемлекет құруды көздеді. Қазақтың ел билеудегі ескі әдет-ғұрып нормаларын қалпына келтіруге тырысты. «Есім салған ескі жол» — сол жол-жобаның бірі.