Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЕРДЕН САНДЫБАЙҰЛЫ

ЕРДЕН САНДЫБАЙҰЛЫ (1808-1862 ж.), ел қорғаған батыр, аға сұлтан, дуанбасы болған адам. Ұлытаудың түлегі. Бағаналының төрт босағасының бірі атанған Сандыбай бидің баласы. Ерден батырлығы, көрегендігі, шешендігі, саяси танымы жоғарылығы, өзімен үзеңгілес ірі тұлғаларға сыйлылығы арқасында ел аузында қалған. Көп жыл болыс, тоғыз жыл аға сұлтан, дуанбасы болып ел билеген. Өз заманында Ерденді Арғын Қарауыл Орынбай ақын, төкпе ақын Бәлтекейұлы Мұкан жырға қоскан. Ерденнің Орынбор, Омбы губернаторларына сөзі өткен. Ол орыс билеушілерімен де, ұлт-азаттық қозғалысын баскарған Кенесары ханмен де тіл табысып, жақсы дипломатиялық қарым-қатынаста болған. 1829 ж. Қоқан хандығы (хандар: Шерәлі, Худояр) қазақ жерінің оңтүстігіне, Сыр бойына басып кіріп, Түркістанды басып алады. Әскерлер Шу бойына келіп, Қоңырат пен Қыпшақ ағайындарды шабады. Осы кезде 21 жастағы Ерден батыр қол жинап, Омбы мен Орынбордан әскер алдыртып, барлығы 3 қосын әскермен Қоқанға қарсы жорыққа аттанады. Бір қосынды өзі, екінші қосынды Аманбай батыр, үшінші қосынды Лепесбай батыр бастап барып, Шу бойынан, Түркістан маңайынан қоқандықтарды қуып шығады. Ол Шоқан Уәлихановпен бірге сайлауға түсіп, кейін Шоқан өзі оған жол берген. Петербургке барып патша сарайында болған. Ерденнің зираты Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағасында Жошы хан кесенесінің маңында тұр.