Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЕРЖАНОВ МАНАРБЕК

ЕРЖАНОВ МАНАРБЕК (1901-1966 ж.), әнші (тенор), актер, композитор, қазақ ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ақын Шашубай Қошқарбаевтың әншілік мектебінің дәстүрлерін жалғастырушы, ҚазКСР халық артисі (1938 ж.). 1929-1931 жылдары Қазақ драма театрында (казіргі М.О. Әуезов атынд. Қазақ мемлекеттік драма театры) жұмыс істеді. 1931-32 жылдары Риддерде (Лениногорскіде) жұмысшы жастар театрын ұйымдастырды. 1933-1953 жылдары Абай атындығы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының солисі. Жарастың («Айман-Шолпанында»), Шегенің («Қыз Жібекте»), Саханның («Ер Тарғында»), Әзімнің («Абайда») сахналық образдарын жасады. 1953-1966 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі. Ержановтың репертуарында Ақан серінің, Біржан салдың, Жарылғапбердінің, Естайдың т. б. ақындардың әндері бар. 50-ден астам музыка шығарманың («Ленин туралы», «Аманкелді туралы», «Жасасын», «Паровоз», «Қуанамын», «Аққу», «Жетісу» «Шалқар» т. б.) авторы. Ержановтың кұрметіне Қарағандыда көше аталған.