Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ЕРУБАЙ БИ ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ

ЕРУБАЙ БИ ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ (шамамен 1835-19 ғасырдың соңы), үш жүзге аты мәлім болған, тура би атанған. Руы Тама, Жөгіден тарайтын Дәулеткелді Байболат дейтін атадан. Ел аузында Ерубай бийдің ақыл-парасатын, тапқырлығын баяндайтын алуан түрлі хикаялар сақталған. Байлық, барлық жарысынан мүлт кетіріп, сағын сындырмақ болган Ханкелді Қазанғап бидің асына сауын айттырғанда бас бәйгеге жүз кара ала ат тігілді деп хабар таратып жібереді. Ешбір қисынсыз айтылған бұл хабарды ас беріп отырған жақ кеш естіп қатты сасады. Осы тұста ақылмен аты шыға бастаған Ерубай би ат жеткен жерден қара ала ат жидырып, асқа қара ала ат мініп Әліп Жөгі баласының атгарын бәйге желісіне байлатып, аттың санын жүзге жеткізеді. Ақыры аста Ерубай бийдің екі аты бірінің соңынан бірі бәйгеден келеді.