Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






ГАВРИЛОВ ИВАН САМСОНОВИЧ

ГАВРИЛОВ ИВАН САМСОНОВИЧ (1912-1944 ж.), Кеңес Одағының Батыры (1943), аға сержант. Тау-кен өнеркәсібі училищесін бітіріп, Донбастағы Макеевка учаскесінде бекітуші, десятник, учаске бастығының көмекшісіболды. 1941-42 ж. Қарағаңдыда №12 шахтаның ішкі транспортының бастығы. 1942-43 ж. Печора көмір бассейнін игеру үшін Воркутаға көмекке жіберілді. 1943 ж. Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы кезінде Курск шайқасына қатысты. 38-ші армияның 163 атқыштар дивизиясынын құрамында 1943 ж. Днепр өзеннен өтуде тұтқиылдаи шабуыл жасау тобын бастап, жау орналасқан жерге жасырын бекініп, негізгі күш өзенді алғанға дейін ұстап тұрды. 1944 ж. ұрыста ауыр жарақаттанып қайтыс болды. Орден, медальдармен марапатталган.