Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БӨКЕТОВ ЕВНЕЙ АРЫСТАНҰЛЫ

БӨКЕТОВ ЕВНЕЙ АРЫСТАНҰЛЫ (1925-1983 ж.), химик-металлург, ғалым, техника ғылыми докторы (1967 ж.), профессор (1967 ж.), КазКСР ҒА-ның академигі (1975 ж.), КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1971 ж.). Қазақ тау-кен металлургия институтын (1950 ж.) бітірген. 1950-1960 ж. аспирант, ассистент, жеңіл және сирек кездесетін металдар металлургиясы каф. доценті, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 1960-1972 ж. ҚазКСР ҒА-ның Қарағандыдағы Химия-металлургия институтының директоры, 1972-1980 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры, 1980-83 ж. ҚазКСР ҒА Химия-металлургия институтының аға ғылыми кызметкері, лаборатория меңгерушісі.

Халькогендер мен халькогенидтер химиясы және технологиясы жөніндегі жинақталған ғылыми бағытты жасаушы, әрі осы сала бойынша Бүкілодақтық 1-ші (1978 ж.) және 2-ші (1982 ж.) кеңестердің (Қарағандыда өткен) ұйымдастырушысы және басқарушысы. Ұнтақ (шлам) құрамынан қарапайым фосфорды айыру әдісі Букетов-Бәйешев тәсілі деп аталды (1986 ж.). 200-ден астам ғылыми енбектің, 9 монографияның, АҚШ, Канада, Австралия, Швеция, Финляндия, ГДР, Италия, Жапония және басқа елдерде патенттелген 90-ға жуық ғылыми жаңалыктардың авторы. Негізгі ғылыми енбектері: мыс-электролиттік ұнтақтарынан (шламдардан) селен мен теллурды айырудың пиро және гидрохиммия тәсілдері, Балқаш кен-металлургия комбинаты жағдайында молибден мен ренийді айыру мақсатымен металлургиялык процестерді интенсивтендіру, рудалылығы төмен және күлділігі жоғары көмірден марганецті ферроқорытпа алу жолдары. Бөкетов металлургиялық ыдыратқыштар көмегімен көмірге гидрогенизация су сіңіру салдарынан тау жыныстарының геохимиялық процеске шалынуы мүмкіндігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Қазақстан ғылымы мен мәдениетінін қайраткерлері туралы көркем публицистика, естелік және өмірбаяндық повесть жанрында орыс және қазақ тілдерінде жазылған бірқатар әдеби шығармалар жариялады. «Түйе қомында туған адам» («Человек, родившийся на верблюде», 1975 ж.), «Грани творчества» (1977 ж.), «Святое дело Чокана», («Пути в незнаемое» жинағында. — М., 1984 ж.) атты очерктер мен эсселер жинағының авторы. И. Василенконың «Артемка» повесін, Э. Золяның «Әңгімелер мен мақалаларын», И. Вазовтың «Бұғауда» романын, У. Шекспирдің «Макбет», «Юлий Цезарь» және В. В. Маяковскийдің «Қандала» («Клоп») пьесаларын қазақ тіліне аударды. КСРО Мемлекеттік сыйлығынын лауреаты (1969 ж.). Қазақстан Компартиясы 13, 14-съездерінің делегаты, бірнеше мәрте Қарағанды облысы Кеңестің депутаты болып сайланған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және 2 мәрте ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 1985 ж. Бөкетовті есте қалдыру мақсатымен ол соңғы жылдары еңбек еткен Химия-металлургия институтында мемориал такта орнатылды. (1987 ж.). Карағанды мемлекеттік университетіне Бөкетов есімі берілді (1991 ж.). Қарағаңды қаласында Бөкетов мемориалдық мұражайы бар. 2005-06 ж. 6 томдық ғылыми және әдеби-публицистикалык шығармалар жинағының 4 томы жарыққа шықты. Қарағандының бір көшесіне есімі берілді, ескерткіш орнатылуда (2006 ж.).

Шығармалар: Извлечение селена и теллура из медеэлектролитных шламов (соавт.). — А., 1969; Физико-химические свойства марганцевых шлаков (соавт.). — А., 1984. Шығармаларынын толык жинағы, 1-6 т. — А., 2006 ж..