Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БӨКЕЙ

БӨКЕЙ (шамамен 1737-1819 ж.), сұлтан, хан.Тұрсын ханның немересі, Барақ ханның баласы, Ә. Бөкейхановтың 4-ші атасы. 1749 ж. Бөкей әкесінін тапсыруымен өзінің төлеңгіттерімен бірге Түркістан аймағынан Солтүстік-Шығыс Қазақстан өңіріне қоныс аударып, қаракесектің бигелді аталығына сұлтан болып сайланады. 18 ғ-дың 50-жылдарының басында Коряков бекінісі (қазіргі Павлодар к.) маңын қоныстанып, Орта жүз қазақтарының жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасына қатысты. Бөкей 18 ғ-дың 80-90-жылдарында Ресейден Орта Азияға бағытталған сауда керуендерінін қазақ даласы арқылы өтуіне, сауда жолы торабын Петропавлдан Ямышев бекінісіне ауыстыруға ат салысты. Осы мақсатта Бөкей 1785 ж. атақты би Сарыбағыш Атаке батыр басшылығымен Ресейде болған бірінші қырғыз елшілігіне белсенді түрде қолдау көрсетгі. 1786 ж. 2 тамыз бен 1787 жылдын қаңтары аралығында Бөкейдің тапсыруымен құрамында баласы Батыр сұлтан, 2 старшын мен 2 төленгіті бар қазақ өкілдігі Санкт-Петербургте болып қайтты. 18 ғ-дың 90-жыддарының басында Ташкент билеушісі Жүніс қожамен тығыз қарым-қатынаста болып,одан 1740-1750 ж. әкесі Барақ ханның иелігінде болған иқан қонысын қайтарып алды. Ол жерде Түркістан өңірі Бұхар хандығының қоластына өткенге дейін Бөкейдің қысқы ордасы болды. Бөкей 1816 жылдың басына Орта жүздегі қаракесек, төртуыл руларына Уәли ханмен бірге билік жүргізді. 1817 ж. маусымда Коряков бекінісінен 180 км жердегі Жайылма өз. бойында хан болып жарияланды. Бөкейдің 5 әйелінен 11 баласы болған, балаларының бірқатары Ресей императорларының арнайы жарлығымен 19 ғ-дың 20-30-жылдары. Ресей империясының дворяндар сословиесіне кірді. Бөкей Түркістанда жерленген.