Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БӨГЕНБАЙ АКШАҰЛЫ

БӨГЕНБАЙ АКШАҰЛЫ, Канжығалы Бөгенбай (1680-1775 ж.), қазақ халкының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл аткарған батыр, колбасшы. 18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атап кеткен. Арғынның Қанжығалы руынан. Батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін батыр Есім хан әскерінің қолбасшысы, әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын баскарған сардар болған. 1710 ж. Қарақұмда өткен үш жүз қазақтарының кұрылтайында бүкілқазақтық жасак құрып, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру жоспары талқыланды. Осы құрылтайда Богенбай батыр үш жүздің бас сардары болып сайланды. 1726 ж. Богенбай бастаған қазақ қолы Бұланты өзені бойында қалмақтарға қарсы күйрете соққы берді. 1727 ж. көктемде Қожаберген батырдың жасағымен тізе қосып, Богенбай бастаған қазақ-ноғай-қарақалпақтың біріккен әскері Нияз, Аюлы тауларының етегінде жонғарлармен болған шайкаста жеңіске жетті. «Анырақай шайқасында» Орта жүз қолын басқарған Богенбай батыр Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, т. б. мен тізе қоса отырып, қазақ елінің тұтастығын сақтап қалуда ерекше ерлік көрсетті. Богенбай батыр Жайык, Ойыл, Жем өзендері бойы мен Ерейментау, Қарқаралы, Аягөз, Түркістан, Шу бойы, Жетісу өңірі, Қырғыз жерлеріндегі т. б. шайқастарда қол бастаған. 1756-58 ж. бірінші рет Шығыс Түркістанға келген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында кытай әскеріне қатты соққы беріп, оларды Үрімжіден асыра қуды. Богенбай жасы ұлғайған шағында ауырып қайтыс болған. Богенбай батырдың ерлігін Қожаберген жырау «Елім-ай» атты тарихи дастанында жырлап, «Ер Бөгембай» аталатын қисса арнаған. Бұкар, Үмбетей, керей Жанкісі, Сегіз сері Шақшақұлы Богенбай туралы дастандар шығарған. 1991 ж. Астана— Павлодар, Ерейментау—Павлодар тоғыскан жол торабында Богенбай батырға арнап ескерткіш орнатылды.