Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БОРАНБАЕВ ҚАБЫЛ

БОРАНБАЕВ ҚАБЫЛ (1915-1978 ж.), ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Бұкар жырау ауданың түлегі. Петропавл педагогикалық техникумын (1936 ж.), Абай атындағы Қазақ педагогика институтын (1949 ж.) бітірді. Ұлы Отан соғысында қатысқан. «Пионер» журналы редакторының орынбасары, Алматы қаласы мен Қарағанды облыстық мектептерінде мұғалім, директор болып істеді. Боранбаевтың алғашқы өлендері 30-жылдары «Қарағанды пролетариаты» газетінде жарық көрді. «Дәурен» атты тұңғыш өлендер жинағы 1949 ж. басылып шыкты. Одан кейін жарық көрген өлең жинактары: «Ант» (1950 ж.), «Достар отряды» (1955 ж.), «Дән дария» (1977 ж.). Қ. Боранбаев шығармаларынын көпшілігі жас оқырмандарға арналган. Қ. Боранбаев казақ тіліне Н. Некрасовтың, В. Маяковскийдің, М. Исаковскийдің, К. Симоновтың, Г. Гулямның өлендерін, И. Василенконың «Звездочка» повесін аударды. Қ. Боранбаев кұрметіне туған ауылы Жаңакалада мектеп аталады.