Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БИЛЫК АНАТОЛИЙ ПЕТРОВИЧ

БИЛЫК АНАТОЛИЙ ПЕТРОВИЧ (1928 ж. т.), суретші. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері. Днепропетровск көркем училищесін бітірген (1950 ж.). Қарағанды облыстық Суретшілер ұйымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі және 1972-76 ж. төрағасы болған. «Н. Әбдіров ескерткіші», «Шахтер даңқы», «Металлургтер», «Ерлер даңкы», «Т. Күзембаев», «М. Мамыраев», «В. Язев», т. б. туындыларында Қарағандының көрнекті тұлғаларының соғыстағы әрі еңбектегі ерліктерін сомдаған. «Достық» орденімен марапатталған. Қарағанды қаласының құрметті азаматы.