Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БЕКТҰРОВ ЖАЙЫК КӘГЕНҰЛЫ

БЕКТҰРОВ ЖАЙЫК КӘГЕНҰЛЫ (1912-1998 ж.), жазушы-аудармашы, журналист, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1958 ж.). Қазақ коммунистік университетін (1934 ж.), Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1955 ж.). ҚКСР Халық ағарту комиссариатының Атбасар каласы. мұғалімдер курсын (1928) бітірген соң, мүғалім болып істеді. 1932-37 ж. комсомол жұмысында. 1937-38 ж. «Лениншіл жас» газета редакторының орынбасары, 1938-39 ж. «Социалистік Қазақстан» газета бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1939-1942 ж. облыстық «Коммунист» (Жамбыл қаласы) газеті жауапты редакторы. 50-жылдары педагогтік жұмыста, 1958 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы. Л. Пантелеевтің повестерін, Д. Дефонын «Робинзон Крузо» романын, (З. Тұрарбековпен бірлесіп). Д. Львович, Г. Серебрякова, Ш. Петефи және басқалар шығармаларының жекелеген тарауларын қазақ тіліне аударды. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Ф.М. Достоевский, Г.Н. Потанин туралы тарихи очерктері 1977 ж. «Жол жоралғысы» деген атпен жеке жинақ болып шыкты. «Өткел» (1991 ж.) өлендер жинағы, «Таңба» (1997 ж.) атты репрессия кезеңіне арналған тарихи романы, «Енеден ерте айрылған төл секілді...»(2002 ж.) атты публицистикалық жинағы жарық көрді. Ж. Бектұров құрметіне Қарағандыда жасөспірімдер кітапханасы аталады, сонда мұражайы жұмыс істейді.