Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БЕЙСЕНОВ БАРЫМБЕК СӘРСЕНҰЛЫ

БЕЙСЕНОВ БАРЫМБЕК СӘРСЕНҰЛЫ (1923-1997 ж.), заңгер, генерал-майор. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Алматы заң институтын бітірген (1952 ж..). Заң ғылымдарының кандидаты. Алматы қаласы прокуратурасында тергеуші, аға тергеуші, прокурордың көмекшісі болып істейді. 1969-1985 ж. Б.Бейсенов КСРО ІІМ Карағанды жоғары мектебінің негізін қалаушылардын бірі және алғашкы бастығы. Қыска мерзімде мектептің оку ғимараттары іске қосылып, материалдық базасы нығайды, окытушылар кұрамы қалыптасты. 1985 жылдан ІІМ Алматы мектебінін профессоры. Б. Бейсенов көптеген монографиялардың, оку-әдістемелік кұралдардың авторы. Ол ҚР Жоғарғы соты, Конституциялық соты, Бас прокуратура, IIМ ғылыми-консультациялык кеңесінің, Жоғарғы Кеңестің Қылмыстық кодекс жасау жөніндегі комиссиясының мүшесі болып, елімізде кұкыктық мемлекет кұруға көп еңбек сіңірді. 2001 ж. Үкімет қаулысымен ол негізін қалаған қазіргі ҚР IIМ Қарағанды заң институтына Б.Бейсенов есімі берілді (бюст орнатылған).