Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БАЙЖАНОВ ҚАЛИ

БАЙЖАНОВ ҚАЛИ (1877-1966 ж.), әнші (бас), ҚазКСР-інің халық артисі (1945 ж.), Қарағанды радио комитетінде Қазақ хорын ұйымдастырушылардың бірі. Жастайынан Екібастұзда шахтер, Желтауда тас қалаушы болып еңбек етті .12-13 жасынан бастап белгілі халық ақыны, композиторы Жарылғапбердіден әншілік және музыка өнеріне үйренді, ол арқылы сері Жаяу Мұсаның, шығ. халық әншілері Біржан, Ақан мұрасымен танысты. Қ. Байжанов репертуарына Жарылғапбердінің «Шама», «Топай көк», «Ардақ», Біржанның «Жанбота», Ақан серінің «Көк жендет», Жаяу Мұсаның «Хаулау», «Құлбайға» және басқа да әндер енді. Композитор А. Жұбанов, этнограф А. Затаевич және басқалар Қ. Байжанов орындаушылық өнерін жоғары бағалады. Қ. Байжанов 1924 ж. әншілердің Семейде өткен шығармалық конкурсына қатысты, 1926 жылдан Қазақ драма театрында өнер көрсетті: 1927 ж. «Этнографиялық әлем» концертіне қатысты. Үлкен театрда Кеңестердін Бүкілодақтық 4-ші съезі делегаттарының алдында өнер көрсетті. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде болған 1-ші онкүндігіне қатысты (1936 ж.).