Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БАЙДАЛЫ БИ БЕКШЕҰЛЫ

БАЙДАЛЫ БИ БЕКШЕҰЛЫ (шамамен 1727-1822 ж. ө. с), дуалы ауыз би болған адам. Руы — Арғын тайпасының ішіндегі Мойын Алтайдың Бекше бұтағы. Қазіргі Жаңаарка ауданы өңірін мекен еткен. Қабірі Шідерті өңірінің жағасында төбешік болып жатыр. Байдалы би Абылай және Уәли хандардың тұсында өмір сүрген. Орта жүзге билік айтып, хандар саясатына бағдар беріп отырған. Билер кеңесінін ішінде Байдалыны Абылай хан ерекше кұрметтеген. Байдалы биден калған нақыл сөздері мен толғаулар әр түрлі жинақтарда («Ел аузынан», «Сөз тапқанға колқа жоқ», «Шешендік сөздер», «Қазақтың 100 би-шешені») және С. Сейфуллин шығармалары мен Қазақ Кеңес энциклопедиясында (Алматы, 1973, 2-т., 84-бет) жарық көрген. Жазушылар М. Тиесов пен А. Жұмаділдиннін «Байдалы би» атты кітаптары шықты. Байдалы би құрметіне Жаңаарка ауданында ауылдық округ аталады (2002 ж.).