Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БАБЫР БӨКЕНШІҰЛЫ

БАБЫР БӨКЕНШІҰЛЫ (Бөкенбайұлы; 1770-1864 ж.), батыр, би, әулие ретінде Арка қазақтары айрықша кұрметтеген қайраткер. Найманның Бағаналы тармағының Қызылтаз-Ибеске-Жұртшы болысын 25 жыл басқарған. Оның керей Жабай би, Торайғыр (Сұлтанмахмұт Торайғыровтың атасы), Шоң сияқты қалың қазаққа белгілі рубасылармен сыйлас, қөңілдес болғаңдығы жайлы қөптеген әңгімелер Қ. Салғариннің «Көмбе» (1989 ж.) кітабында келтірілген. Омбы облыстык мемлекетгік архивінде Бабыр жайлы мол мәлімет бар. Онда Кенесары ханның 1844 ж. Бабыр батырға жазған хаты да сақтаулы (366-қор, 170-іс). Бабырдың он ұлы бастан-аяқ Кенесары жасағында болған. Бабыр өз елін егіншілікке баулыған, жартылай отырықшылыққа икемдеген. Ұлытаудың солтүстік етегіндегі Сарлық ауылының маңында және Жетіқыз өзенінің жағалауында Бабыр басқарған елдің егін еккен атыздарының ізі осы күнге дейін сақталған. Бабыр Түркістанға жерленген.