Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






БАБАЕВ ҚЫЛЫШ

БАБАЕВ ҚЫЛЫШ (1913-1948 ж.), агроном-ғалым, агрошаруа ғылыми кандидаты, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1943 ж.). Бұкар жырау ауданнын түлегі. Қазақ агрошаруашылық институтын бітірген (1937 ж.). 1937- 42 ж. осы институтта ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі. 1942-48 ж. В.Р.Вильямс атыңдағы қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институтының директоры. Республика агро шаруашылығын дамытуға, агрономиялық ғылым міндеттерін шешу мәселесіне арналған бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Республиканың әрбір облысында ғылыми негізге сүйенген егіншілік жүйесін жасау, агрономиялык жағдайларына орай әрбір аудан мен облыста агрошаруа өндірісін мамандандыру және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарға басшылық етті. Ленин орденімен марапатталған. Авиация апаты кезінде қаза тапты.