Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АСФАНДЬЯРОВ ЗАКИР ЛУТФРАХМАНҰЛЫ

АСФАНДЬЯРОВ ЗАКИР ЛУТФРАХМАНҰЛЫ (1918-1977 жж.), Кеңес Одағының Батыры. Омбы әскери училищесін бітіріп (1939 ж.), Қиыр Шығыста әскери қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде зеңбірек командирі ретінде алғы шепте болды. Мөскеу үшін шайқасқа, Тихвин, Курск, Винница, Львов қалаларын жаудан азат етуге қатысты. 1943 жылдың күзінде оның расчеты жаудын 10 танкісін және көптеген жауынгерлерін жойып, шабуылын тойтарды. Соғыстан кейінгі өмірі Балкашта өтті, Шығыс Қоңырат кенішінің №6 шахтасында тіреуші, ауысым мастері, ауысым бастығы болып істеді. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.