Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының "Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспiрiмдер кітапханасы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
00:00:00






АРАЛБАЙ БАТЫР

АРАЛБАЙ БАТЫР Әлібекұлы ( шамамен 1685-1778 жж.) ұрпағы он бір-он екінші атаға жеткен ру аты Аралбай батыр есімімен аталады), есімі ел аузында қалған белгілі батыр. Алтай руынан тарайды. Аралбай Қарпык Барғана батыр, Тарақты Наймантай батырмен үзеңгілес дос болған. Қанжығалы Бөгенбай батырдың Айбике (кейін мінезіне орай Көжек атанған) деген қарындасын алған. Одан Өмір деген бір ғана ұл туған. Аралбайдың бәйбішесі Айса Ұлы жүз Сиқым-Жаныс Төле биге аталас адамның қызы болған. Одан туған Құттыбай, Жоламан, Тоты балалары рулы ел Сырт Аралбай атанады, Аралбайдың үшінші әйелі Таңсұлу Танақызы, одан Байтоқа, Сеңкібай, Бәйтелі, Жабағы, Жабық туған. Бұлардың әрқайсысы рулы ел, бір-бірімен қыз алысуға жеткен. Аралбай батыр Түркістан қ-на жерленген.